Архив событий

30/03/2015

Тасқала аудандық соты сотқа сыйламаушылық көрсет тұлғаны жауаптылыққа тартты

30/03/2015

Тасқала аудандық сотының өндірісінде әкімшілік іс қарау барысында  құқық бұзушы  қорғаушының көмегін ұсынуы туралы өтініш білдіріп, істің қарауын 11.03.2015 жылдың сағат 10.00-ге қалдырылған В.Н.Силаковқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен жинақталған әкімшілік ісі түскен. Алайда, оның көрсетілген уақытқа келмеуіне байланысты, іс қарауы сағат 17.00-ге қалдырылған,.

Құқықбұзушының сот отырысына тағы да келмеуіне байланысты 12.03.2015 жылғы сағат 16.00-ге қалдырылған сот отырысынаН.В.Силаков   мас күйінде  келген.

Тасқала аудандық соты 309 546 теңге берешек соманы өндіру туралы талап арызды қанағаттандырды

30/03/2015

«Еуразиялық банк» АҚ сотқа талап арызымен жүгініп, жауапкерге банктік қарыз шарты бойынша 13.03.2014 жылы 24 ай мерзімге жалпы мөлшері 268 000 теңге берілгенін көрсеткен.

Жауапкермен 17.03.2014 жылы өз еркімен 17 000 теңге төлем жасап, кейін төлемдері тоқтатылған.

БҚО қылмыстық істер бойынша мамандырылған ауданаралық сотының үкімімен А.Т. Ликеров 18 жыл мерзімге  бас бостандығынан  жазасына, қатан режиміндегі колониясында жаза өтеуімен сотталғаны  банкке белгілі болған.

Тасқала аудандық соты ҚР халықтың көші-қоны саласындағы ережелерін бұзған тұлғаны жауапкершілікке тартты

30/03/2015

Тасқала аудандық соты  ҚР-да  халықтың көші-қоны саласындағы ережелерін бұзғаны, Ресей Федерациясының  азаматы В.И. Сорокинге қатысты әкімшілік істі қарады.

Әкімшілік іс материалдарына сәйкес, көші-қон полиция қызметкерлері  құжат режимін тексеру барысында РФ азаматы В.И.Сорокин ҚР 33 күннен астам уақты бойы ішкі істер  бөлімінде  тіркеусіз болғаны анықталған.

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «ТӨРЕЛІК» пилоттық бағдарламасының қызметі тақырыбында семинар сабағын өткізді

30/03/2015

ҚР ЖС Төрағасының 15.11.2015ж. хаттамалық тапсырмасын орындау маақсатында  Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында   «ТӨРЕЛІК» құжат айналымы ақпараттық жүйесін ендіру және қолдану бойынша жоспарлы түрде шаралар атқарылуда.

БҚО МАЭС «ТӨРЕЛІК» пилоттық бағдарламасын іске асыру бойынша соттың кеңсе меңгерушісі және сот мамандарының қатысуымен семинар болып өтті.   

Семинардың негізгі мақсаты «ТӨРЕЛІК» пилоттық бағдарламасымен таныстыру.  

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті

30/03/2015

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті.

Брифнг барысында сот төрайымы А.И.Қарасаева журналистерге заңсыз есірткі айналымына байланысты қылмыстық құқықбұзушылық мәселелері туралы айтты. Мысал ретінде қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленумен 11 жылға бас бостандығынан айырылу жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге тағайындалған С.В.Пензин және А.Р.Руковишников пен А.Ф.Пяташкинге қатысты істің үкімі туралы баяндады.

БҚО ҚІжМАС есірткі қылмысы бойынша істің үкімін жария етті

30/03/2015

30 наурызда БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  ҚР ҚК-нің 297 бабымен сотқа берілген с.В.Пензинге қатысты үкімді жария етті.

Іс материалдарына сай, сотталушы үйінде сақтаған «кептірілген марихуана» есірткі затын заңсыз сатуға бағытталған қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында үйінде, газет орамасындағы жалпы салмағы 2,50 гр. «кептірілген марихуана» есірткі затын 2000 теңгеге сатқан.

БҚО МАЭС 9 223 974 теңге көлеміндегі берешек соманы өндіру туралы талапты қанағаттандырды

30/03/2015

БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жүгініп, «Х» ШҚ-нан 9 223 974 теңге берешек сомасын өндіру туралы талап арызын түсірген.

Акционерлік қоғам талап арызында тараптардың арасында 25.02.2011ж. және 04.11.2014ж. келісім шарты жасалып,  4 000 000 теңге мөлшерінде несие  25.02.2015ж. дейін, және 6 000 000 теңге мөлшеріндегі несие 04.11.2014ж. дейін өтеу мерзімімен берілгендігін көрсеткен.

БҚО Орал қалалық соты жол-патрульдік полициясының екі қызметкеріне қатысты үкімді жариялады

30/03/2015

Бүгін, БҚО Орал қалалық сотында  жол-патрульдік полициясының екі қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.

Іс материалдарына сәйкес, Лизунков және Абулхайров БҚО ІІД Орал қалалық ІІБ жол-патрульдік полиция қызметкерлері бола тұра, алдын ала сөз байланысқан адамдар тобы болып, әкімшілік хаттаманы толтырмау үшін қорқыту жолымен 50 000 тенге көлемінде пара алған.

Орал қалалық сотының үкімі бойынша Лизунков және Абулхайров ҚР ҚК-нің 366 бабы 3 бөлігі 1,2 тармағымен кінәлі деп танылды.

Баласының іс-әрекеті үшін ата-ана жауапты

30/03/2015

Ағымдағы жылдың 22 наурызында шамамен 12.15 сағатта 1998 жылы дүниеге келген жасөспірім көлік басқару құқығы болмай тұрып, Орал қаласында «Skoda Oktavia» автокөлігін басқарып, тұрған «Лада Ларгус» автокөлігінің жанына түйісіп, жол-көлік оқиғасы орнын тастап кеткен.