Архив событий

31/03/2015

Казталов аудандық сотында қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

31/03/2015

Казталов аудандық соты ҚР ҚК-нің 188 бабының 2-бөлігімен 3 тармағымен айыптау туралы қылмыстық істі қарады.

Іс материалдарына сай, айыпталушы бөтен мүлікті жасырын жымқыру мақсатында азаматша Б-ның иелігіндегі «Рамиль» жеке кәсіпкерлік дүкеніне құлпын бұзып, заңсыз кіру арқылы ішінен жалпы құны 15 950 теңге тұратын заттарды ұрлап, материалдық залал келтірген.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен татуласып, айыпталушы материалдық шығынды толығымен өтеді.

Жақсы мінезіне байланысты мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды

31/03/2015

Казталов аудандық сотында бас бостандығын шектеу жазасына сотталған Н-ды жазасын өтеу мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы Казталов  аудандық пробация қызметінің  ұсынысы қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, сотталған Н.  18.04.2014 жылы Казталов аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің  321 б. 1 б. кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Казталов аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

31/03/2015

Казталов  аудандық сотында  «Ашық есік күні»  өтті.

Сот төрағасы Е.Б.Төлеевтің қабылдауында болған Казталов ауылының тұрғыны, ІІ топтағы мүгедек А.А.Идрысов өзін толғантқан мәселелердің шешімін табу мақсатында сауалдарын қойды.

Шара қорытындысы бойынша ауыл тұрғыны А.А.Идрысовтың  сауалдарына толықтай жауаптар және қосымша түсініктемелер берілді.

Казталов аудандық сотында әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісін қарады

31/03/2015

Казталов аудандық соты азамат А-ға қатысты ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігімен жинақталған әкімшілік іс қарады.

Сотта анықталғандай, азамат А. көлік құралын басқару құқығының болуына қарамастан  көлікті алкогольдік ішімдігін ішкен күйінде басқарған.

Сотта құқық бұзушы кінәсін толығымен мойындады.

Сот,  құқық бұзушы А.-ны ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігімен кінәлі деп тауып, оған 20 тәулік әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ата-аналық құқығынан шектеу туралы істі қарады

31/03/2015

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына «Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» ММ-сі кәмелетке толмаған екі қызының тәрбиесімен  және оқытуымен айналыспай, ішімдікке салынған азаматша Н-ды ата-аналық құқығынан шектеу туралы талап арызымен жүгінген. Жауапкердің үлкен қызы оның апасының тәрбиесінде ал, кіші қызы 5 ай бойы Орал қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болғанын көрсеткен.

БҚО Бөрлі аудандық соты заңсыз төленген әлеуметтiк төлемді өндірді

31/03/2015

Бөрлі аудандық сотына  азамат И-ден жұмысынан айырылған жағдайда төленетін заңсыз алынған әлеуметтiк төлемді өндіру туралы талап арызбен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі-Қор) жүгінді.

Орал қалалық соты заңсыз ағаш кесу жөніндегі істің үкімін жариялады

31/03/2015

Орал қалалық сотында заңсыз емен ағашын кескен азаматтарға қатысты үкім жарияланды.

Сапаров Е. және Нурдугалиев Б. Орал қаласының №2-ші «Автодорожник» саяжай қоғамының учаскесінде болып, Орал орман шаруашылығы қорығының иелігіндегі бір түп емен ағашын заңсыз кесіп алған.

Орал қалалық сотының үкімімен Е.Сапаров және Б.Нурдугалиев ҚР ҚК-нің 340 бабы 2 бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оларға осы бап бойынша  120 сағат көлемінде қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалды.