21 жасқа толмағандарға алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласында орналасқан дүкенде үстіміздегі жылдың 16 ақпанында жасы 21 жасқа толмаған, 1996 жылғы тұлғаға алкоголь өнімін сатқан. Осыған байланысты Абай полиция бөлімімнің кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі участкелік полиция инспекторы ҚР ӘҚБтК-нің 200 б. 1 б. көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін «К» ЖК-не қатысты әкімішілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған.

Орал қаласының мамандандырылған әкімішілік соты осы істі қорытындылай келе «К» жеке кәсіркерін ҚР ӘҚБтК 200 б. 1 б. көзделген әкімішік құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танып, оған 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 79 280 теңге айпұл салды және алкогольдік өнімдерді сату құқығын беретін Мемлекеттік лицензиясын 2 ай мерзіге тоқтату турал әкімшілік жаза тағайындады.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі