Архив событий

19/03/2015

Орал қалалық соты студенттерге семинар өткізді

19/03/2015

Орал қалалық сотының судьясы М.Б.Китарова Орал гуманитарлық колледжінің  «Құқықтану» факультетінің студенттеріне «Қазақстан Республикасының сот жүйесі», «Құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыптарында семинар өткізді.

Кездесу барысында судья болашақ заңгерлерге еліміздің заманауи сот жүйесі  туралы айтты. Сонымен қатар, судья жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында сотта қаралған қылмыстық істерден және материалдардан мысалдар келтірді.

Казталов аудандық №2 сотында «Электронды түрде арыз беру» тақырыбында семинар болды

19/03/2015

Казталов ауданының №2 сотында ішкі істер бөлімінің, мемлекеттік органдардың өкілдерінің  қатысуымен «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі» тақырыбында  семинар өтті.

Семинардың мақсаты – бүгінгі таңда халыққа қолжетімді бола бастаған жаңа электронды қызметтер туралы ақпараттандыру жұмыстарын түсіндіру.

Кездесу барысында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі А.Бисенова шараға қатысушыларға «Сот кабинеті» электронды сервисі  арқылы сотқа арыздар мен шағымдарды электронды түрде беру мүмкіндігі жөнінде баяндады.

БҚО Ақжайық аудандық сотында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ғылыми конференция болды

19/03/2015

Ақжайық аудандық сотының мәжіліс залында «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл» тақырыбында жергілікті «Жайық таңы» газетінің тілшісі Б. Мырзағалиевтің және шақырылған қонақтардың қатысуымен ғылыми конференция өтті.

Конференция жұмысына кәсіби емес медиатор К.Ж.Бисеғалиев, Қазақстан ақын-жыршылар Одағының мүшесі, ақын С.О.Бисенғалиев, М.Әуезов ат. ЖОББ мектебінің ұстазы, тарихшы А.Қ.Сарсеков, және Ақжайық аудандық сотының мамандары қатысты.

Жәнібек аудандық соты «БҚО соттарының ғимаратына өткізуді қамтамасыз ету тәртібі туралы» ережесін талқылады

19/03/2015

Жәнібек аудандық сотында сот төрағасы А.С.Бижановтың төрағалығымен ҚР ІІМ БҚО МКҚБ ММ қызметкерлерінің қатысуымен Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңсе басшысының бұйрығымен бекітілген «Батыс Қазақстан облысының аудандық және оған теңестірілген соттарының ғимаратына өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету тәртібі туралы» ережесі бойынша дөңгелек үстел өтті.

Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында семинар-кеңес өтті

19/03/2015

Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқыққа қарсы әрекеттер» тақырыбында семинар-кеңес өтті

Сот төрағасы К.Т.Өтешевтің төрағалығымен өткен шараға Бөрлі ауданы прокуратурасының өкілдері мен АІІБ полициясының учаскелік инспекторларының қатысты.

Кездесу барысында Бөрлі ауданы прокуратурасының өкілі О.Алмасбекұлы «Отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсету әрекеттері үшін жаза» тақырыбында баяндама жасады.

Казталов аудандық соты қылмыстық іс бойынша брифинг өткізді

19/03/2015

 

 

Казталов аудандық сотында жергілікті БАҚ өкілінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте судья А.Ж.Жамантаева келісімдік іс жүргізумен қаралған қылмыстық істің нәтижесі туралы хабарлама жасады.

Кездесуде бөтен мүлікті алдау арқылы жымқыру бойынша айып тағылған азамат Ш-қа қатысты қылмыстық іс жайында айтылды.  Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында азамат Ш. өзіне тағылған айып бойынша  аудандық прокурормен кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасаған.