Есірткі затын өткізу мақсатынсыз сақтаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөрлі аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296 б. 2 б. азамат С-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы  іс қаралды.

Іс материалдарына сәкес, ағымдағы жылдың 4 қаңтарында, Ақсай қаласы теміржол вокзалының бойында азамат С. полиция қызметкерлері ұстап, тексеру барысында оның күртесінің сыртқы оң қалтасында, өткізу мақсатынсыз 49.75 грамм кептірілген марихуананы заңсыз иемденіп, сақтаған полиэтилен пакеті анықталған.

Сот жасаған қылмыстық теріс қылығының сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, жеке басы жағдайын ескеріп, 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жазаны тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі