Архив событий

04/03/2015

«Қазақстан Республикасының сайлауы туралы заңнамасы» тақырыбында семинар өтті

04/03/2015

4 наурыз күні Батыс Қазақстан облыстық сотында «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы заңнамасы» тақырыбында семинар болды.

Семинар жұмысын  азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Б.Ә.Бегалиев алғы сөзбен ашты. Ол өз сөзінде 2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына тоқталды.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті

04/03/2015

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында республикалық және жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған брифинг болды.

Брифинг барысында сот судьясы Р.С.Хайрбеков журналистерге ағымдағы жылдың басынан бастап жеке тұлғаларға қатысты жасалған қылмыстар бойынша сотта қаралған қылмыстық  істер жөнінде мәлімдеді. Осы ретте судья туған әкесін өлтірген сотталушы М.Батраковқа қатысты жария болған үкім жөнінде айтты.

Сонымен бірге, Хайрбеков журналистердің көптеген сауалдарына жауап берді.

Әкесі ұлын кешірді

04/03/2015

Ақжайық аудандық сотын ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1 бөлімімен отбасы-тұрмыстық қатынас аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қаралды.

Ақжайық ауданы Жайық ауылының тұрғыны үйіне ішімдік ішкен күйінде келіп, әкесіне себепсіз тіл тигізіп,  отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсеткен.

Сот отырысы барысында құқық бұзушы әкесінен кешірім сұрап, татуласқан.

Облыстық соттағы дөңгелек үстел

04/03/2015

Батыс Қазақстан облыстық сотында «ҚР ҚПК-нің 476 бап тәртібімен материалдарды соттардың қарауы және материалдарды жинақтап, рәсімдеу барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысын қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алақсының төрағасы М.Нағашыбаев алғы сөзбен ашты. Өз сөзінде ол талқыланып отырған тақырыптың тек судьяларға ғана емес, сонымен қатар басқа қатысушыларға да маңызды екендігін атады.

Төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген

04/03/2015

Казталов аудандық сотында азамат Д. қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен жинақталған әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Д. 25.02.2015 жылы сағат 14.30-дар шамасында Казталов ауданы Нұрсай ауылында Тереңкөл ауылдық округінің әкімшілік аппараты ғимаратының дәлізінде, яғни қоғамдық орында былапыт сөйлеп, түкіріп-қақырып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген.

Сотта құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.

Мас күйінде көлік жүргізген

04/03/2015

Орал қалалық сотында көлікті мас күйі жүргізген азаматқа қатысты сот үкімі жарияланды.

Іс құжаттарына сай, азамат М. бұрын да жауапкершікке тартыла тұра, осы жылдың ақпан айында түнгі уақытта автокөлігін ішімдік ішкен күйі жүргізген.

Куәландыру қорытындысына сай, сотталушыда орта дәрежелі мастық күйі анықталған.

Азамат М. ҚР Қылмыстық Кодексінің 346б. 1б. айыпты деп танылып, 140 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды. Сонымен бірге ол 3 жыл мерзімге көлікті басқару құқығынан айырылды. 

Әкесін өлтірген

04/03/2015

 

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 96 бабы 1 бөлігімен сотқа берілген М.Қ. Батраковқа қатысты қылмыстық ісі бойынша үкім жариялады.