Архив событий

20/03/2015

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметовтің құттықтауы

20/03/2015

Халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлі мерекесі - Наурыз мейрамы құтты болсын! Заманмен бірге жаңғырып,  дархан даламызды мекен еткен мың сан ұлттың бірлігі мен татулығының айғағына айналған көктемнің шырайлы мерекесі өркениет көшіне қосылған күн шұғылалы Отанымыздың сән – салтанатын келістіріп, абырой - даңқын асқақтата бергей!

Ұлыстың Ұлы күні бақ – береке, шадыман шаттық пен қуаныш әкелсін!

БҚО МАЭС судьялары мен мамандары мереке қарсаңында «Мейірім» бөбектер үйінде болды

20/03/2015

Наурыз мерекесінің  қарсаңында  Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары Л.Ұстағалиева, А.Давлетова және Н.Сейдахметова, кеңсе меңгерушісі Б.Юсупов, бас маман С.Қабдығалиевалар   облыстық мамандандырылған  «Мейірім» бөбектер  үйінде болды.

Судьялар мекеменің  қызметкерлері мен  балғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, денсаулық, бақытты балалық шақ тілеп, әдеттегідей дәстүр бойынша балаларға  сыйлықтар табыс етті.

Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін жаза тағайындалды

20/03/2015

Казталов аудандық соты ҚР ҚК 378 б. 1 б. бойынша қылмыстық теріс қылық жасаған азаматты айыптау туралы қылмыстық ісін қарады.

Сотта анықталғандай, сотталушы алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде  Болашақ ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторына қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде боқтап-балағаттап қорлаған.

Сот сотталушыны ҚР ҚК 378 бабының 1 бөлігімен айыпты деп танып, оған 90 сағат қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Орал қалалық сотында облыс соттарының сот қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті

20/03/2015

Орал қалалық сотында базалық соттың жұмыс жоспарына сәйкес, облысымыздың сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында семинар болып өтті. 

Семинарға Зеленов, №2 Зеленов, Казталов, №2 Казталов, Тасқала, Жәнібек, Сырым, Каратөбе, Жаңақала, Шыңғырлау, Бөрлі, Теректі, Теректі аудандық №2 соттарының, Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік, БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық,  БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттарының мамандары қатысты.

БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында "Ашық есік күні" өтті

20/03/2015

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында   М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  заң факультетінің студенттері мен  мұғалімдеріне «Ашық есік күні» өткізілді.

Кездесуді Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Исатай Маратович Сматов алғы сөзбен ашты.

Бөрлі аудандық сотында қамақ түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды

20/03/2015

Бөрлі аудандық сотында «БҚО Бөрлі ауданы жер қатынастар бөлімі» ММ-нің басшысына қатысты 2 ай мерзімге қамақ түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Алдын ала тергеу органдары аталған тұлғаны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366 б. 2 б. көзделген пара алу қылмыстық әрекетін  жасады деп айыптаған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.