Архив событий

05/03/2015

Сот қызметкерлері соғыс ардагерімен кездесті

05/03/2015

Ағымдағы жылы Ұлы Жеңіске 70 жыл толады. Осыған орай аудандық ұйымдар мен мектептер соғыс ардагерлерімен кездесу ұйымдастыруда. Жеңіс мерекесі қарсаңында бұл шарадан сот қызметкерлері де тыс қалмады. 

Тасқала аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Н.К.Самарханова, кеңсе меңгерушісі мен соттың бас маманы Үлы Отан Соғысының ардагері С.Б. Ильясовамен кездесіп, аудандық сот ұжымы атынан атаулы мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, отбасына береке тілеп, естелік сылйқты табыс етті   

Студенттермен кездесу

05/03/2015

5 наурызда БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Ф.Ғ. Құрманова Евразия институтының студенттерімен кездесті. Кездесудің басты мақсаты кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылды.

Абайсызда адам өліміне себепкер болған учаскелік инспектор

05/03/2015

Батыс Қазақстан облысының Зеленов аудандық соты ҚР ҚК 106 б. 3 б.  қарастырылған қылмысқа күдікті, Приурал полиция бөлімі учаскелік инспекторының көмекшісі  Э.Габбасовқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Полиция қызметкері Э.Габбасов денсаулыққа қасақана ауыр зиян  келтіру салдарынан абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған деп айыпталған.

Іс материалдарынан анық болғанындай, Габбасов үйіне қызметші ретінде Январцево ауылының жұмыссыз тұрғынын қызметке алған.

Тонаушы "күзетпен ұстауға" алынды

05/03/2015

Орал қалалық соты тонауға қатысы бар күдікті Шаркеевке қатысты бұлтартпау шарасын санкциялады

Ақпан айының соңында күдікті Шаркеев Деркөл ауылындағы дүкенде сатушыға дене жарақатын келтіріп, ұялы телефонын және ақшасын алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа күдіктіні күзетпен ұстау туралы өтініш жолданды.