Архив событий

10/03/2015

Таңға дейін компьютер клубында болған жасөспірім

10/03/2015

 

Қазіргі кезде балалар, әсіресе жасөспірімдер ғаламтордағы түрлі әлеуметтік желілердің және ойындардың құрбанына айналуда.

 Ақсай қаласының А. есімді жасөспірімі осындай құмар ойындардың қызығына түсіп, компьютер клубында кешкі сағат 22.00-ден таңғы 06-ға дейін болған.  Аталған факті кәмелетке толмағанның анасы Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісінің қаралуына себеп болды.

Жасөспірімге арақ сатқаны үшін жазаланды

10/03/2015

 

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБтК 200 б. 1б. бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, 2015 жылғы 12 ақпанда шамамен 20.50 сағатта Орал қаласында орналасқан жеке кәсіпкер М-ның азық-түлік дүкенінде, сатушы  08.08.1995 жылы туылған азаматқа құны 650 теңгелік алкоголь өнімін сатқан.

Сот отырысында сатушы И. алкогольдік ішімдікті сатқан кезде сатып алушы ересек көрінгесін оның жасын сұрамағанын айтып түсінік берді.

Қоғамдық орында жанжал шығарғаны үшін айыппұл төледі

10/03/2015

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 30.01.2015ж. сағат 22.30 «Бродвей» кафесінде мас күйінде азамат А-мен жанжалдасқан  К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Қ. дөрекі сөздер айтып, балағаттап, демалушылардың тыныштығын бұзып, ортақ пайдалану орынды қорлап, үстел сындырып, қоғамдық тәртіпті және тыныштықты бұзған. Бұл туралы кафе әкімгері азамат К. қатысты полицияға арыз түсірген

Семинар сабағы өтті

10/03/2015

 

10.03.2015 жылы Жәнібек аудандық сотында сот төрағасы Айвар Серікұлы Бижановтың төрағалығымен «Сыбайластықтың алдын-алу әрбір мемлекеттік қызметкердің міндетті» атты тақырыбында сот қызметкерлерімен семинар сабағы өткізілді.

Мұғалімін балағаттаған окушының ата-анасына айыппұл салынды

10/03/2015

 

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарауға Орал қаласындағы мектептердің бірінде орын алған оқиға себеп болған

Орал каласында орналасқан мектептердің бірінде Б. есімді оқушы. мұғалім Д. сабағында құлаққап киіп, музыка тыңдап отырған. Сонымен қатар, Б. сабаққа дайындықсыз, ешбір оқу құралдарынсыз келген

Орал қалалық сотының анонсы

10/03/2015

19 наурызда Орал қалалық сотында базалық соттың жоспарына сәйкес, аудандық және оған теңестірілген соттары мамандарының білімін жетілдіру бойынша семинар болады. 

Мемлекеттік кірістер басқармасында тіркелусіз спиртік өнімдерді сатқан

10/03/2015

 

Тасқала аудандық соты өз үйіннен спирттік өнімдер сатқан Тасқала ауданы, Атамекен ауылының тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартып, 29 730 теңге айппұл салды.

Іс материалдарына сәйкес, азаматша Ж. мемлекеттік кірістер басқармасында тіркелмей,  жалпы соммасы 900 теңгелік 2 бөтелке арақ сатқаны үшін, басқарма маманы хаттама толтырған.

 

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

10/03/2015

 

Талапкер жауапкерден 13 500 теңге өндіру жөнінде сотқа жүгініп, арызында өз матасынан көйлек тігу үшін тігін ательесіне  3500 теңге төлеп жүгінгенін алайда,  жауапкер көйлекті үш қайтара тігу салдарынан жарамсыз болғанын көрсеткен.

Жауапкерден бүлінген матасы үшін 10 000 теңге және тігу үшін төлеген 3500 теңгені өндіруді сұраған.

Сот отырысы барысында тараптар медиация тәртібімен татуласқаны, істі өндірісімен қысқартуды сұраған.

Орал қалалық сотында 12 наурызда семинар болады

10/03/2015

12 наурызда Орал қалалық сотында Орал қаласының ІІБ, Абай ПБ, Зашаған ПБ қызметкерлерінің қатысуымен "Қылмыстық теріс қылық бойынша істерді рәсімдеу. ҚР ҚПК 408 б. тәртібімен берілген шағымдарды қабылдау ережесі" тақырыбында семинар болады.