Архив событий

02/03/2015

«Сот отырыстарында аудио-бейне қондырғыларын қолдану», «Сот органдарындағы жаңа «Төрелік» автоматтық ақпараттық жүйесі жобасымен жұмыс жасау» тақырыптарында семинар сабағы өтті

02/03/2015

Казталов аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот отырыстарында аудио-бейне қондырғыларын қолдану», «Сот органдарындағы жаңа «Төрелік» автоматтық ақпараттық жүйесі жобасымен жұмыс жасау» тақырыптарында семинар сабағы өтті.

Казталов аудандық сотының бас маманы С.А.Сансызбаева «Сот отырыстарында аудио-бейне қондырғыларын қолдану» тақырыбында баяндама жасап, жұмыс жасау тәсілдері туралы сөз өрбітті.

«ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа басылымының жобасы негізінде әділеттілікке бастама» тақырыбында дөңгелек үстел

02/03/2015

Батыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінде облыстық соттың қатысуымен «ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа басылымының жобасы негізінде әділеттілікке бастама» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге облыс судьялары, БҚО Әділет департаменті, БҚОФ РОО «Қазақстандық заңгерлер одағы» Кеңесінің өкілдері, прокуратура қызметкерлері, нотариалды палата өкілдері, «Татулас» мекемесінің кәсіби медиаторлары және т.б. қатысты.

Сотты құрметтемеу соңы жазаға апарды

02/03/2015

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ӘҚБтК-нің 73 бабы 1 бөлімі бойынша Г.В.Бабичті әкімшілік жауапқа тарту жөніндегі  әкімішілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Сот отырысында құқық бұзушы өзін дөрекі ұстап, жәбірленуші Т.И. Бабичтің өміріне қауіп төндіретіндей сөздер айтып, яғни сотқа сыйламаушылық білдірді.

Осыған байланысты, Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының сот приставымен ҚР ӘҚБтК-нің 653 бабы 1 бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Алимент төлемегені үшін үш тәулікке қамауға алынды

02/03/2015

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 29.07.2014 жылғы ОҚО Арыс аудандық сотының кәмелеттік жасқа толмаған қызын асырап-бағуға алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамағаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған Орал қаласының тұрғынына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қарады.