Архив событий

18/03/2015

Ақжайық аудандық соты қолхат арқылы алынған ақшаны өндірді

18/03/2015

Ақжайық аудандық сотында жаупкерге қолхат арқылы берілген борыш сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Жауапкер 2014ж. шілде айында талапкерден қолхат беру арқылы қарызға 400 000 теңге алып, қарызын 2014 жылдың қараша айына дейін қайтарып беруді міндетіне алған. Алайда, аталған уақытында қарызын толықтай қайтармай, тек қана 50 000 теңгесін беріп, талапкердің қарызын қайтару туралы бірнеше рет айтқан ескертулерін орындамаған.

Ақжайық аудандық соты ұсақ бұзақылық жөніндегі 2 істі қарады

18/03/2015

Ақжайық аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің  434б. 1б. қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке тартылған 2 адамға қатысты істі қарады.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалар ұсақ бұзақылық, яғни  ортақ пайдалану орынды, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген.

Ақжайық аудандық сотында отбасы-тұрмыстық сипаттағы 2 әкімшілік іс қаралды

18/03/2015

 

БҚО Ақжайық аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73 бабы 1 бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған 2 адамға қатысты  әкімшілік істер қаралды.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалар отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, былапыт сөйлеп, қорлап тиiсіп, кемсiту және олардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жасағандары үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

БҚО Зеленов аудандық №2 сотында есірткі қылмысы бойынша істің үкімі жарияланды

18/03/2015

Батыс Қазақстан облысының Зеленов аудандық №2 соты қара сораны заңсыз еккен және өсірген ауданның төрт тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады.

Іс материалдарынан анық болғандай, сотталушылар Ю.Б.Плотников, Г.Н.Жолдықайыров, Д.А.Архипцов және П.М.Азанов өзара сөз байласып, ауылдан 8 шақырым жерде Жайық өзенінің жағасындағы орман алқабында 2014 жылдың жазында өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заты бар қара сора өсімдігін егіп, өсірген.

Тасқала аудандық соты шекара тәртібін сақтамаған шетелдік азаматтарды үш тәулікке қамауға алды

18/03/2015

Өзбекістан Республикасының азаматтары Р.М.Холмирзаев, Ш.Ж.Шерназаров, П.Ш.Жумабоев үстіміздегі жылдың наурыз айында ҚР ӘҚБтК-нің 514 б. 1 б. қарастырылған әкімшілік бұзушылықты  жасаған.

Іс материалдарынан анықталғандай,  аталған азаматтар Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына дала жолымен бағыт ала отырып,  ҚР мемлекеттік шеқарасының белгіленбеген жерінен өтіп, «Тасқала-автомобильное» өткізу бекетінде шекара қызметкерлеріне ұасталған.

БҚО Жаңақала аудандық соты оқуға жұмсалған бюджет қаражатын өндірді

18/03/2015

Жаңақала аудандық сотында Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару Департаментінің РММ-нің азамат Г-дан оқу кезіндегі азық-түлікпен, шәкіртақымен қамтамасыз етуге жұмсалған бюжет қаражатын өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық ісін қарады.

Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында дөңгелек үстел өтті

18/03/2015

Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында «Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-не сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды рәсімдеу сапасы мен оларды сотқа уақытылы жолдау мәселелерін талқылау» дөңгелек үстел өтті.

Сот төрағасы Қ.Өтешевтің төрағалығымен өткен дөңгелек үстелге Бөрлі ауданының прокуратура өкілі мен полиция учаскелік инспекторлары қатысты.

Прокурор және күдікті арасындағы процестік келісім

18/03/2015

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енген  ҚР Қылмыстық кодексінің нормаларының бірі-процестік келісім жасасу институты

ҚР ҚПК-нің 7 б. 37 т. сәйкес, процестік келісім қылмыстық процестің кез келген сатысында прокурор мен күдікті, айыпталушы немесе сотталушы немесе сотталған адам арасында ҚР ҚПК-те көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жасалады.

Бөрлі аудандық сотының судьясы Н.К.Ибрашов келісімдік іс жүргізуде қысқартылған тәртіпте аз. В. қатысты қылмыстық істі қарады.

Жасөспірімге алкоголь өнімдерін сатқан тұлға жауапқа тартылды

18/03/2015

Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабының 1 бөлімімен әкімшілік жазаға тартылған  аз М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот мәжіліснде аталған тұлғаның жиырма бір жасқа толмаған тұлғаға алкоголь өнімін сатқаны анықталған. Жауапкер алкоголь өнімін сатқан кезде сатып алушының құжатын сұрамағанын, сырт көзге жиырма бір жастан асқан болып көрінгенін көрсеткен.

Сот қаулысымен азаматша М. кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеу жазасы қолданылды.