Архив событий

27/03/2015

Тасқала аудандық соты заңды өкілінсіз түнде жүрген жасөспірімнің ата-анасын жауапкершілікке тартты

27/03/2015

Таскалинский районный суд ЗКО рассмотрел административное дело в отношении жительницы района, за повторное нахождение её несовершеннолетней дочери  в ночное время без сопровождения родителей.

Судом установлено, что несовершеннолетнее лицо, 1998 г.р., в ночное время, примерно в 02.00 часа находилась возле магазина, расположенном в селе Таскала без сопровождения законных представителей.

Әлеуметтік төлем қайтарылды

27/03/2015

Ақжайық аудандық сотында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ заңсыз алынған әлеуметтік төлемді өндіру туралы іс қаралды.

Азамат С-қа жұмысcыз қалуына байланысты АҚ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының» активінен ай сайын 147 996 теңге әлеуметтік төлем  тағайындалған.

Алайда аталмыш тұлға жұмыссыздық қатарынан тіркеуден шыққаны туралы «Мемлекеттік зейнетақы тағайындау орталығына  ескертпей, әлеуметтік төлемді алуды жалғастыра берген.

Қылмыстық іс медиация заңымен қысқартылды

27/03/2015

Казталов ауданының №2 соты ауылдасын ұрып-соққан азаматты ҚР ҚК-нің 109 бабымен қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жеке шағымды қарады.

Аталған жеке шағым соттың іс жүргізуіне қабалданып, сотталушыға таныстырылды. Судья тараптарға татуласу, оның ішінде медиация тәртібімен татуласу мүмкіндігін түсіндірді.

Істі қарау барысында, тараптар дауды (дау- шарды) медиация арқылы реттеу туралы келісімге келді. 

Қаратөбе аудандық соты медиация заңын насихаттау бойынша дөңгелек үстел өткізді

27/03/2015

Қаратөбе аудандық сотының төрайымы Жусандыой селолық округінде болып, тұрғындарға ҚР «Медиация туралы» заңына түсінік берді.

Кездесуге селолық әкімдік, жергілікті кәсіби емес медиатор, ұйым өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты

Дөңгелек үстелдің  мақсаты - «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы  Заңын түсіндіру және халық арасында насихаттау.

Дөңгелек үстел барысында Қаратөбе аудандық сотының төрайымы Б.Ш.Жангирова тұрғылықты халықтың көптеген көкейкесті сұрақтарына жауап берді.

Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік соты шетелдік азаматшаны жауапкершілікке тартты

27/03/2015

Бөрлі ауданының мамандандырылған ауданаралық соты ҚР халықтың көші–қоны саласындағы заңнаманы бұзған шетелдік азаматшаға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісін қарады.

Ағымдағы жылдың 20 наурызында  Әзірбайжан Республикасының азаматшасы 2015 жылдың 9 наурызында Қазақстанда болып, шетел азаматтарының ҚР болу ережесін бұзған.

Іс материалдарына сәйкес, үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпеген.