Архив событий

26/03/2015

Орал қаласының МӘС көші-қон заңнамасын бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК-ін қолданудағы өзекті мәселелер туралы дөңгелек үстел өткізді

26/03/2015

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ұйымдастыруымен «Көші-қон заңнамасын бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК-ін қолданудағы өзекті мәселелер» атты «дөңгелек үстел» өткізілді.

Орал қаласының №2 соты мемлекетке бюджет қаржысын қайтарды

26/03/2015

Орал қаласының №2 сотында ҚР ӘМ ҚАЖК курсантына оқу мерзімінде тұрғын жайына, тамақтануына және шәкіртақысына төленген бюджет қаражатын мемлекет пайдасына қайтару туралы талап арыз қаралды.

Талапкер арызында жауапкердің ҚР ӘМ Қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің Қостанай заң институтына оқуға жолданғанын, оның оқуы мерзіміндегі шығындарына мемлекеттің есебінен бюджеттік қаржы жұмсалғанын көрсеткен.

Жұмысшының құқығы қорғалды

26/03/2015

Орал қаласының №2 сотына талапкер «А» жауапкер «Х» ЖШС-нен жалақы бойынша қарыз соммасын өндірі туралы талап арызбен жүгінген.

Талапкер арызында аталған мекемеде қарауыл лауазымын атқарып, қызметке орналасқан күннен бастап жалақы алмағанын көрсеткен.

Сот мәжілісінде серіктестік директоры талап арызды мойындап, жұмысшының жалақасын төлей алмау себебін жұмыс көлемінің болмауына байланысты серіктестік қызметі тоқтап тұрғанымен түсіндірді.

Қаратөбе аудандық сотының төрайымы көшпелі қабылдау жүргізді

26/03/2015

Қаратөбе аудандық сотының төрайымы Б.Ш.Жангирова Қаратөбе ауданы Жусандыой селолық округінің  азаматтарына  көшпелі қабылдау жүргізді.  Азаматтардың сауалдарының негізі мал бағуда туындайтын міндеттемелік құқықтарға, еңбек дауларына қатысты болды. Көшпелі қабылдау барысында тұрғындардың сұрақтарына заң талаптарына сәйкес жауаптар берілді.