Архив событий

06/03/2015

Автобус жүргізушісіне қатысты сот үкімі

06/03/2015

Орал қалалық сотында жол көлік  ережелерін бұзған автобус жүргізушісіне қатысты үкім жарияланды.

Іс материалдарынан мәлім болғанындай, В.Солянчиков  автобусты жүргізу барысында жаяу жүргіншіні қағып кетуі салдарынан                                                                                                                                 жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған.

Осылайша сотталушы ҚР ҚК 345 б. 3 б. қарастырылған қылмысты жасаған.

«Ашық есік күні» өткізілді

06/03/2015

Қаратөбе аудандық сотының 2015 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жоспарына сай, сот ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілді.

«Ашық есік күнінде» сот төрайымы Б.Ш.Жангирова Қаратөбе ауылының жергілікті тұрғындарын қабылдады. Қабылдауда болған тұрғындар өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойып, заң тұрғысынан кеңес алды.

Сұрақтардың басым көпшілігі шешімдердің орындалу барысы, еңбек дауларына қатысты болды.