Семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

10.03.2015 жылы Жәнібек аудандық сотында сот төрағасы Айвар Серікұлы Бижановтың төрағалығымен «Сыбайластықтың алдын-алу әрбір мемлекеттік қызметкердің міндетті» атты тақырыбында сот қызметкерлерімен семинар сабағы өткізілді.

Сот төрағасы қазір кезде әрбір мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралардың үнемі жүргізіліп келетінін, бұдан әрі де жүргізіле беретінін айта келіп, әрбір мемлекеттік қызметкер еліміздің сыбайлас жемқорлықпен күрес Заңын, Ар-Намыс кодексін қатаң сақтауы тиістігі жөнінде баяндама жасады.

Семинар сабағына қатысушылар судья Н.Б.Жұмәлі, кеңсе меңгерушісі Е.Б.Алипкалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді жолдары туралы өз ойларын ортаға салды.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі