Тасқала аудандық сотында азаматтық іс жүргізуге енгізілген жаңашылдық талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық сотында кәсіпқой емес медиатор Ш.Мусинның, «Тасқала әйелдері», «Мүгедектері ерікті қоғамы» ҮЕҰ өкілдері В.Завгаринаның,  А.Губайдуллинның, сот төрағасының және БАҚ өкілінің қатысуымен «Медиация туралы» ҚР Заңының нормаларын талқылау және сот бұйрығын шығару туралы арыздарды электронды форматта қарау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Сот төрағасы Асланбек Дүйсенғалиев өз баяндамасында тараптардың қарым-қатынастарын сақтауды қамтамасыз ететін және азаматтардың шығындарын барынша азайтуды көздейтін дауларды (жанжалдарды) сотқа дейінгі реттеу мүмкіндігі мен түрлері туралы айтты.

Сонымен бірге, спикер  дөңгелек үстелдің қатысушыларына  азаматтық іс жүргізуге енгізілген жаңашылдық туралы баяндап, сот бұйрығы электронды формат түрінде шығатынын баяндады. Аталмыш жаңашылдық арызды беру және тіркеу сатысынан бастап,  судьяның сот актісін жасауы, орындауға жолдануы электронды форматта болатынын айтып, бұл азаматтық істер бойынша  қағаз түріндегі іс жүргізуді азайтуға әкеп соғатынын жеткізді.

Шараға қатысушылар тақырыпқа сай пікірлерімен бөлісіп, сот жүйесіне енгізілген ақпараттық технологиялар мүмкіндігі туралы толыққанды ақпарат алды.

Сот төрағасы «дөңгелек үстел» жұмысын қорытындылай келе, сот ісін жүргізуде  ақпараттық  технологиялар белсенді түрде қолданылып, электронды сот моделін құрып, қағаз жүзіндегі құжат айналымын азайтып, сот төрелігіне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ететіндігін атап өтті.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі