Бұзушылықтарды жою нұсқаманы орындамағаны үшін ЖШС-нің директоры 200 000 теңгеден астам төлейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық  соты ҚР жер заңамасының нормаларын саласында  бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы тиісінше орындамағаны үшін  ЖШС-нің директорын  ҚР ӘҚБтК-нің 462 б. 3 б. әкімшілік жауапкершілікке тартты.

«Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-сі  нұсқаманы шығарып, ЖШС директорына екі жер телімін пайдалану бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қабылдансын деп көрсеткен. Нұсқаманы  орындалғаны туралы қайталанған тексеріс өткізген кезде,  орын алған бұзушылықтар жойылмаған, атап айтқанда жерді өңдемегендігі және ауылшаруашылық дәнді дақылдар егпегені анықталған.

Сот ЖШС директорына  әкімшілік жаза ретінде 100 АЕК мөлшерінде 226 900 теңге қаражатта айыппұл тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі