Қосымша шығынды өндіру туралы іс сот медиациясы тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Таскала аудандық соты баланы емдету үшін қосымша шығындарды өндіру туралы азаматтық істі сот  медиация тәртібімен қысқартты.
Істің құжаттарына сай, талапкермен жауапкердің араларындағы заңды некеден 2009 жылы туған кәмелетке толмаған балалары бар, 2014 жылы неке бұзылып, жауапкерден  баланы асырауға алимент өндірілген.  Баланы медициналық тексеруден өткізген  кезде көзі ауыратыны анықталып, талапкер емдету үшін жауапкерден ай сайын 5 АЕК мөлшерінде қосымша шығындарды өндіруді сұраған.
Азаматтық процестік кодекстің 165-бабының 16-тармағына сәйкес және пилоттық жобаны іске асыру мақсатында тараптарға татуласу рәсімдерін қолдану мүмкіндігі туралы хабарлама жолданды.
Істі сот отырысына әзірлеу сатысында тараптар пилоттық жобаға қатысуға тілек білдіріп, судья-медиатордың көмегімен дауды медиация тәртібімен реттеу келісім ұсынып, істі өндірістен қысқартуды сұраған.
Келісім бойынша талапкер қойылған талаптардан бас тартып, ал жауапкер  2017 жылдың тамыз айыннан бастап  баланың еміне жұмсау үшін ай сайын 5 000 теңге төлеуді міндетіне алған.
Тасқала аудандық сотының ұйғарымымен судья-медиатормен өткізілген медиация процедурасының нәтижесінде некені бұзу туралы азаматтық іс қысқартылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі