Билік өкілін балағаттап сотты болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеленов ауданының №2 соты ҚР ҚК-нің 378 б. 1 б. (билік өкілін қорлау)  айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында белгілі болғанындай, сотталушы масаң күйде Приурал бөлімі Зеленов АІІБ-не жеткізілген кезде қызметін атқару үстінде жүрген билік өкілін қорлаған.

Сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 378 б. 1 б. айыпты деп танып, жаза ретінде 53025 теңге айыппұл салуға үкім етті.

Сот қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, сотталушының жеке басын, оның қылмыстық теріс қылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән жайларын, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларын ескерді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі