Электрондық сот төрелігі - халықтың сот жүйесіне сенімі өсуінің кілті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеленов ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.Халелов «Ауыл тынысы» аудандық газетінің тілшісіне «Электронды сот төрелігі» тақырыбында сұхбат берді.

Сұхбат барысында спикер сот жүйесіне енгізілген жаңа ақпараттық технологиялар туралы айтып өтті.

Аудандық сотының меңгерушісі аудандық газетінің тілшісіне ақпараттық сервистердің мүмкіндіктерімен таныстырды және «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің ерекшеліктерін көрсетті.

Бүгінде тараптарға өзінің өкіліне өкілдік беруге сенімхат ресімдеу үшін нотариусқа барудың қажеті жоқ, бар болғаны интернетке қолжетімділік пен электрондық-цифрлық қолтаңбаға (ЭЦҚ) ие болуы кергінін түсіндірді.  

Сонымен қатар, Астана қаласында жаңа техникалық мүмкіндіктердің ұсынылғанын, атап айтқанда, Жоғарғы Сотта Ахуал Орталығының өз жұмысын бастағанын және ол соттар жұмысының  бірыңғай мониторингілеу жүйесі болып табылатынын тілге тиек етті.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі