Сот жылжымайтын мүлікке салынған тыйымды алу туралы ұйғарым шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының №2 соты жауапкердің меншік құқығындағы  жылжымайтын мүлкіне салынған тыйымды алып тастау туралы өтінішін қанағаттандырды.

Соттың 13.05.2015 жылғы ұйғарымымен жауапкердің мүлкіне 63 970 теңгеге тыйым салынған.

Берешекті өндіріп алу туралы сот актісін толық орындауына байланысты,  "Жайықжылуқуат" АҚ-нан қарызды өтегенін растайтын анықтаманы сотқа ұсына отырып, жылжымайтын мүлікке салынған тыйымды босатуын сұраған.

ҚР АІЖК-нің 160-бабының 1-тармағына сәйкес, талапты қамтамасыз ету  іске қатысушы адамның өтініші бойынша, төрелік талқылау тараптарының немесе өз бастамасы бойынша сол сотпен жойылуы мүмкін.

Сот актісінің толықтай орындалуына және берешектің өтелгені туралы дәлелдемелердің болуына байланысты сот талап қоюды қамтамасыз ету үшін негіздер жоқ және Орал қаласының №2 сотының 2015 жылғы 13-желтоқсандағы жауапкердің мүлікіне тыйым салу туралы ұйғарымын алу туралы ұйғарым шығарды. 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі
Тегтер: