Сот азаматтық істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Азаматтық Процестік Кодексінің 145-бабының 2-бөлігі 2-тармағының талабына сәйкес талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздар бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға жатады.

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ЖШС-гі жауапкер басқа ЖШС-нен келісімшарты бойынша жеткізілмеген тауарлар үшін 278 500 теңге берешек сомасын өндіру туралы талап арызымен жүгінген.

Сот ұйғарымымен талап қоюдың оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатыны белгіленіп, сот тараптарды хабарландырып, жауапкердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, он бес жұмыс күні ішінде талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгіледі.

Аталған сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмай істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарап, талап қоюшының талап арызын толығымен қанағаттандыру жайлы шешім шығарды.    

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі
Тегтер: