Жалақыны өндіруден бас тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шыңғырлау аудандық сотымен жалақыны өндіру туралы талап бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы Н. шаруа қожалығының басшысынан 2020 жылдың шілде айымен 2022 жылдың қыркүйек айы арасында жұмыс істегені  үшін 13 500 000 теңге ақша сомасында төленбеген жалақыны өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Талап қоюшы дәлелдеме ретінде сотқа шаруа қожалығы басшысының атынан оның атына екінші деңгейдегі банктермен, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде, меншіктің барлық нысандарында  мүддесін білдіру үшін берілген сенімхатты ұсынды. 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 21-бабы 1-бөлігіне сай Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастары жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында осы Кодекске сәйкес жасалатын еңбек шартының негізінде туындайды.

Сотпен тараптар арасында еңбек шарты жасалмағаны және еңбек қатынастары орын алмағаны анықталды. Бұл мән-жайлар іс материалдарымен және тараптардың  түсініктемелерімен  бекітіліп отыр.

Жоғарыдағы мән-жайлар тараптар арасында еңбек қатынастары орын алмай азаматтық-құқықтық қатынастар туындағанын көрсетті, өйткені талап қоюшы өкілдік қызмет көрсеткен.

Сот азаматтық істі қарап, талап қоюшының талабын қанағаттандырусыз қалдырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі