Архив событий

15/03/2024

«Мемлекеттік тіл мәртебесі»

15/03/2024

Сырым аудандық сот  әкімшісімен  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету  бойынша Сырым ауданының бөлімімен «Мемлекеттік тіл мәртебесі » тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

           Дөңгелек үстелге Сырым аудандық соты әкімшісінің  сот отырысының бас маманы- хатшысы А.Т.Ишангалиева  және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету  бойынша Сырым ауданының бөлімінің инспекторлары қатысты.

Бәйтерек ауданының №2 сотында «Ашық есік күні» өтті

15/03/2024

БҚО Бәйтерек ауданының №2 сотында «Көрсу амал күніне» «ашық есік күні» өтті, аталмыш іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің "Абай атындағы мектеп-гимназия-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10 сынып оқушылары белсене қатысты.

Сот Әкімшісінің басшысы А.Атошова сот тарихын, сот жүйесінің қызметі мен жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуі туралы айтты, келіп жеткен «Көрсу амал» күнімен құтықтады.

Ғимараттың ішімен, оның барысында балалар сот кеңсесімен, мұрағатпен және сот залымен танысты.

Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары

15/03/2024

Бүгін бейнеконференцбайланысы арқылы «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» атты тақырыпта ұжымдық талқылау түріндегі жиналыс өткізілді.

Жиынға аудандық және оған теңестірілген соттардың сот әкімшілері басшылары мен облыстық сот мамандары қатысты.

Іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметшінің этика нормалары мен мінез-құлқының негізгі қағидаларын түсіндіру болды.

Сотқа дейінгі хаттама жасалып, іс тоқтатылды.

15/03/2024

2022 жылғы қаңтардан бастап азаматтық істерді қарайтын соттар 2020 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған № 84-VII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік  заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қабылдаған Заңына сәйкес жұмыстануда.

Көлік басқару құқығынан айырылған тұлғаның көлік жүргізуі қылмыстық жауапкершілікке соқтырады

15/03/2024

№2 Бәйтерек аудандық сотында ҚР ҚК-нің 346 бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, сотталушы Ш. азаматы бұрын, сот қаулымен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, Бәйтерек ауданы «Шымкент-Самара» тас жолында автокөлікті алкогольдік ішімдік ішкен күйде басқарған.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толықтай мойындады.

Сот жүйесіндегі жемқорлықтың алдын алу шаралары

15/03/2024

Бәйтерек ауданының №2 аудандық сотында «Сот жүйесіндегі жемқорлықтың алдын алу шаралары» тақырыбы аясында  сот қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

      Дөңгелек үстел барысында әрбір мемлекеттік қызметкер ҚР мемлекеттік органдарының қызметін реттейтін барлық заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындап қана қоймай, құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында қажетті шараларды өздігінен қабылдау қажеттігі туралы айтылды.

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің маңызы

15/03/2024

Мемлекеттік тілді қолдану, дамыту мәселесі бойынша Бәйтерек ауданының  №2 аудандық сотының мамандары арасында семинар өтті.

Сот әкімшісінің бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы Г.Юсупова, өз баяндамасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, яғни мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі Қазақ тілі болып табылатынын айтты. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде, сонымен қатар қазақ тілімен тең қолданылады.