Архив событий

07/03/2024

Батыс Қазақстан облыстық сотында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті

07/03/2024

Бүгін Батыс Қазақстан  облыстық сотында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай  салтанатты жиын өтті.

Мерекелік іс-шараға облыстық соттың төрағасы мен судьялары, Сот әкімшілігі департаментінің басшылығы, бөлім басшылары мен сот мамандары қатысты.

Іс-шараның салтанатты бөлігі облыстық сот төрағасы Р.Мырзакәрімнің құттықтау сөзімен басталды.

БҚО МАӘС-те ашық есік күні өтті

07/03/2024

БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР Сот әкімшілігі БҚО бойынша департаментінің кадр қызметімен бірлесіп, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті мен Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің заң факультеттерінің 2 курс студенттері үшін ашық есік күнін өткізді.

 Іс-шараны ашып, БҚО МАӘС төрағасы Алтынай Давлетова болашақ заңгерлермен әңгімелесу барысында сотта өндірістік практикадан өту мүмкіндігі туралы хабарлады.