Мемлекеттік тілді дамыту бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шыңғырлау аудандық сотында прокуратура органдары мен пробация қызметі өкілдерінің қатысуымен "Мемлекеттік тілді дамыту" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны ашқан судья Н. Ердібеков өткізілетін іс-шараның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік тілді кеңінен енгізу және қолдану, қаралатын істердің саны мен сапасын қазақ тілінде арттыру қажеттігін атап өтті.

Сот Әкімшісінің басшысы Ж. Каримов пробация қызметінен түскен материалдарға статистикалық деректерді келтіре отырып, оларды мемлекеттік тілде сотқа жіберудің пайыздық арақатынасын арттыру қажеттігін атап өтті.

Дөңгелек үстел аясында істі қараудың саны мен сапасын одан әрі арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдегі материалдар, мемлекеттік тілде құжаттарды сауатты құрастыру мәселелері талқыланды.

Кездесуді қорытындылай келе, дөңгелек үстелге қатысушылар өткізілген сындарлы диалог бүгінгі күні өте өзекті екенін атап өтті. Іс-шара барысында көтерілген барлық мәселелер мен қабылданған ұсынымдар алдағы жұмыста ескерілді.

Қайнар: 
пресс служба Западно Казахстанского областного суда