Архив событий

01/03/2024

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын бұзу фактілеріне жол бермеу

01/03/2024

Семинардың мақсаты - жаңадан тағайындалған сот мамандары арасында мемлекеттік қызметшінің әдебі, имиджі және міндеттері туралы кешенді білімді қалыптастыру болып табылады.

«Үздік аудармашы» байқауы

01/03/2024

Батыс Қазақстан облыстық сотында мемлекеттік тілді меңгеру саласын айқындайтын "Үздік аудармашы" байқауы ұйымдастырылды. Байқауға қалалық және аудандық соттардың мамандары қатысты.

Байқаудың ашылуы БҚО бойынша Сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары Э.Темірниязованың  қатысушыларға құттықтау сөзімен басталды.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді

01/03/2024

Орал қаласы мансап орталығында барлық жұмыс іздеушілерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге қаланың бірқатар мекемелерінің өкілдерімен қатар Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің персоналды басқару бөлімінің басшысы Ақтолқын Уразгалиева мен осы бөлімнің бас маманы Олеся Ташимова қатысты.

Департамент өкілдерімен жұмыс іздеушілерге мемлекеттік қызметке кірудің тәртібі түсіндіріліп, бос жұмыс орындары ұсынылды.

Жаңа тағайындау

01/03/2024

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің Жарлығымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына судья  Динара Мугаппаровна Гильманова тағайындалды.

Динара Мугаппаровна Гильманова Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында 1981 жылы дүниеге келген.