Архив событий

18/03/2024

Встреча с представителями прокуратуры и юридическим сообществом

18/03/2024

Председатель Таскалинского районного суда Теберикова А. провела встречу с представителями прокуратуры,  органов полиции, управления государственных доходов по вопросам информационно-разъяснительной работы о требованиях к кандидатам на должность судьи.

Құқық қорғау өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел

18/03/2024

          Іс-шараға Орал қаласының мамандырылған тергеу сотының әкімшісінің басшысы Б.Е.Бисакаева, Орал қаласының прокурорлары А.Әбу, Б.Курмангалиев , Е.Бигалиев, Орал қ. ПБ бастығының орынбасары Д.Х.Курматов, Орал қ. ПБ Абай ПБ бастығының орынбасары Т.К.Бекешов, қатысты.

Талқылауға шығарылған негізгі мәселелер күдіктілерге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау және оның мерзімді ұзарту туралы материалдарды қарау кезінде мемлекеттік тілде туындайтын мәселелер болды.

Жасөспірімдермен профилактикалық кездесу

18/03/2024

Кәмелетке толмағандарға психотроптық заттардың, прекурсорлардың және олардың аналогтарының заңсыз таралуын болдырмау мақсатында Шыңғырлау аудандық сотының судьялары Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуге Шыңғырлау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өкілдері де қатысты.

«Нашақорлық 21 ғасырдың дерті»

18/03/2024

Нашақорлықтың  адамға зиян тигізетін, тәуелділікті тудыратын, адам ағзасын бұзатын 21 ғасырдың дерті екені баршаға мәлім.

Нашақорлықтың алдын алу мақсатында Тасқала аудандық сот төрағасы А.Б. Теберикова және судья Т.М.Макишев Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде,  «Сәулет» мектеп-лицейінде 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдерімен семинар

18/03/2024

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында   «Қорғаншылық және қорғаншылық органдарының балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды, оның ішінде некені бұзуды шешу жөніндегі істерге қатысуы» тақырыбына».

Іс-шараға Орал қалалық мен облыс аудандарының білім беру бөлімдері мемлекеттік мекемесінің қорғаншылық және қамқоршылық бөлімдерінің өкілдері WhatsApp мессенджері арқылы онлайн режимінде қатысты.

«Қайырымдылық қадірлі іс»

18/03/2024

«Қайырымдылық» - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, мемлекет көлемінде жүргізіліп жатқан сауабы мол іске ат салысу - әрбір адамның азаматтық парызы.  Әрі қоғамға қайырымдылық көрсету -  жанашырлық мен қол ұшын беру құндылықтарын қалыптастыруда, қайырымдылық мәдениетін сіңіруге бірден бір амалды іс.

Қаратөбе аудандық соты да бұл шарадан тыс қалмады.  Республикалық жоспар аясынды жалғыз басты қарт анаға көмек көрсету мақатында, көктемгі қар еруі науқанына дайын болуы үшін  қардан  ауласын тазалауға қолғабыс етілді.