Архив событий

06/03/2024

Облыстық сотта семинар

06/03/2024

Бүгін облыстық сотта «Құжат айналымы ережелері» тақырыбында онлайн семинар өтті. Семинар жұмысын алғысөзбен Батыс Қазақстан облысы бойынша сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары Э.Темірниязова ашты.

Іс-шараға облыстық соттың мамандары, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы аудандық және оған теңестірілген соттар әкімшісінің басшылары мен мамандары қатысты.

Жас судьялардың қатысуымен судьялардың әдеп жөніндегі кеңесі

06/03/2024

БҚО Судьялар Одағы филиалының судьялық әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы А.Бижанов жас судьялармен бенеконференц байланысы арқылы семинар–кеңес өткізді.

Кездесу барысында облыстық соттың судьясы А. Бижанов әдеп нормаларын сақтау судьялар қызметінің ажырамас бөлігі болып табылатынын атап өтті.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотта сот-молекулярлық-генетикалық сараптаманы тағайындау бойынша семинар өтті

06/03/2024

Сот-молекулярлық-генетикалық сараптама сот сараптамасы, молекулалық биология және адам генетикасы саласындағы арнайы білімдер негізінде адамның жеке басын анықтауға және биологиялық байланыстарды орнатуға   маңызды дәлелдемелік ақпаратты анықтау үшін жүргізіледі.

Іс-шараның модераторы, молекулярлық-генетикалық зерттеулер саласындағы сот сарапшысы Әлия Саятқызы Сыздықбекова өз сөзінде молекулалық-генетикалық сараптама туыстық және идентификацияны анықтау және тұлғаны сәйкестендіруге қатысты басқа да көптеген мәселелерді шешу мақсатында жүргізілетінін атап өтті.