Архив событий

26/03/2024

Студенттермен кездесу

26/03/2024

Жасөспірімдердің психотроптық заттардың, прекурсорлардың және олардың аналогтарының заңсыз таралуын болдырмау, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Бөрлі аудандық сотының судьялары Ақсай техникалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Есірткі құралдарын тұтыну жастардың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың денсаулығы үшін маңызды қауіп болып қала береді.

Мемлекеттік тілді дамыту бойынша дөңгелек үстел өткізілді

26/03/2024

Шыңғырлау аудандық сотында прокуратура органдары мен пробация қызметі өкілдерінің қатысуымен "Мемлекеттік тілді дамыту" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны ашқан судья Н. Ердібеков өткізілетін іс-шараның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік тілді кеңінен енгізу және қолдану, қаралатын істердің саны мен сапасын қазақ тілінде арттыру қажеттігін атап өтті.

Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау тәртібі

26/03/2024

Орал қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында «Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау тәртібі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға мамандандырылған соттың төрағасы мен судьялары, прокуратура, мемлекеттік кірістер департаменті мен басқармасы және ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері қатысты.

«Мемлекеттік тіл-елдегі береке-бірліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел

26/03/2024

Жалпақтал ауылының орталық кітапханасында Жалпақтал ауылдық округі әкімі аппаратының, Жалпақтал ауылының орталық кітапхана
өкілдерінің және аудандық сот әкімшісінің бас маманы Ж.Дуйсенованың қатысуларымен «Мемлекеттік тіл-елдегі береке-бірліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.