Архив событий

11/03/2024

Оқушылармен кездесу

11/03/2024

Орал қалалық сотының судьялары А. Имангалиев, М. Шүкіров Орал қаласының №7, №13, №2, №22 жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына, яғни кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаларға  есірткі  психотроптық  заттарды,  прекурсорларды  және  олардың аналогтарын  заңсыз  таратудың  алдын-алу  мақсатында,  кездесу  іс-шарасын өткізді.

Ұсақ бұзақылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

11/03/2024

Жаңақала аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен азамат  Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды. Азамат Б. масаң күйде медициналық куәландыруды өткізіп жатырған аурухана фельдшерінің ауызша ескертулеріне құлақ аспай, оны балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, жұмыс жасауына кедергі жасаған. Сотта азамат Б. өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін көрсетті.

Заңсыз тасымалмен айналысу

11/03/2024

Тасқала аудандық сотымен жергілікті атқарушы органға қызметтің басталғаны туралы хабарламай такси тасымалымен айналысқаны үшін азамат М. қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Такси жүргізушісінің жұмысы жергілікті атқарушы органды хабарландырудан басталады.

Орал қаласының №2 сотында семинар өткізілді

11/03/2024

             Орал  қаласының   №2  сотының төрағасы А.Баймахан және  сот судьяларының қатысумен  «Сот  актілерінің мазмұнына қойылатын талаптар  мен сот отырысын өткізу тәртібі туралы» семинар өткізілді.

            Сот актілерін шығару ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодексі мен РҚ Жоғарғы Сотының 2023 жылғы 11 шілдедегі №5«Сот шешімі туралы» нормативтік қаулысымен регламенттеледі. Осы нормаға сәйкес сот шешімі нақты төрт бөліктен: кіріспе, сипаттамалық, уәждемелік және қарардан  тұрады.