Архив событий

13/03/2024

Сотта «Ашық есік күні» өтті

13/03/2024

Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында «Ашық есік күні» аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің заң факультетінің студенттеріне сот жүйесінің жұмысымен таныстыруға арналған кездесу өткізілді.

Кездесу барысында судья Ернар Халықов еліміздің сот жүйесі құрылымы мен қызметі жөнінде, судья лауазымына қойылатын талаптар, сот төрелігі академиясына оқуға қабылданудың шарттары, қазіргі уақытта орын алып отырған құқық бұзушылықтар және оларға жол бермеу туралы айтып, студенттердің туындаған сауалдарына жауап берді.

«Сот төрелігі мемлекеттік тілінде» тақырыбындағы дөңгелек үстел

13/03/2024

              Орал  қаласының   №2  сотының судьялары мен сот мамандарының қатысуымен «Сот төрелігі ‑ мемлекеттік тілінде»  тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

            Сот төрағасы А.Баймахан мемлекеттік тілдің қолдану деңгейі туралы мәселені және мемлекеттік тілде қаралатын істердің сапасын арттыруға және сот актілерін мемлекеттік тілде рәсімдеу талаптарын сақтауды, құжат айналымы мемлекеттік тілде жүргізілуінің қажеттігіне тоқталып өтті.

Семинар «Тіл тағдыры -ел тағдыры»

13/03/2024

 Ақжайық ауданының №2 аудандық соты әкімшісінің мамандары Тайпақ ауылының орталық  кітапхана  мамандарымен бірлесе отырып «Тіл тағдыры - ел тағдыры»  тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Семинарға Ақжайық ауданының №2 аудандық соты әкімшісінің бас маманы – сот отырысының хатшылары А. Масенова, Ө. Мұқанов, аға сот приставы Л. Испанов және орталық  кітапхана мамандары қатысты.