Архив событий

20/03/2024

Сот төрелігін жүзеге асырудағы мемлекеттік тіл

20/03/2024

БҚО МАӘС-ның бас маман-сот отырысының хатшысы Ақмарал Сарсенова Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығында жергілікті кәсіподақтардың басшылары мен мамандарына мемлекеттік тіл тақырыбында дәріс өткізді.

Қайырымдылық күні

20/03/2024

Жаңақала аудандық кітапханасында   Наурызнама бойынша қайырымдылық күніне орай,  аудандық зағиптар қоғамының төрағасының бастамасымен, зағип және көзі нашар көретін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Қайырымдылық-жылы жүректен» мерекелік кеші оздырылды.

Оқушылармен кездесу өтті

20/03/2024

           М.Әуезов атындағы орта мектепте. Ақжайық аудандық сотының төрағасы А.Нұрғалиев 9-11 сынып оқушыларымен «Есірткі – бұл тәуелділік»  тақырыбында Ақжайық ауданы прокурорының орынбасары Е.Баймұраттың,  Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Б.Абуовтың, Ақжайық аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Елекешевтың қатысуларымен кездесу өткізді.

       Төраға өз сөзінде нашақорлар арасындағы өлім-жітім деңгейінің жоғары екендігіне, олардың 95 пайызында ауруға шалдығып, ВИЧ-инфекциясы, В және С гепатиті, мерез сияқты аурулармен ауыратынына назар аударды.

Кездесу өтті

20/03/2024

         Ақжайық аудандық сотының судьясы Г.Сагитова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында  Ақжайық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Казталов аудандық сотының төрағасы мектеп оқушыларымен кездесті

20/03/2024

Казталов аудандық сотының төрағасы Умсын Мухангалиева Казталов-мектеп лицейінің және А.Оразбаева атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, «Зиянды заттардан аулақ бол!» тақырыбында әңгіме өткізді.Шара барысында сот төрағасы өз сөзінде, нашақорлықпен байланысты мәселелер Казталов ауданында айналып өтпегенін атап өтті.  Нашақорлықтың белсенді тарауы және өсуі, оған байланысты қылмыстардың алдын-алу жұмыстарының маңызы зор екенін айтып өтті.

Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара

20/03/2024

Батыс Қазақстан облыстық сотында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс – шара өтті.

       Шараны ашқан облыстық соттың төрағасы Рүстем Мырзакәрім ұжымды Наурыз мейрамымен құттықтап, барлығына денсаулық, бақыт, өркендеу мен сәттілік тіледі.

       Қазақ, өзбек, татар, ұйғыр және азербайджан ұлттарының киімін киіп барша сот қызметкерлері мерекелік шараны облыстық сот ғимаратының дәлізінде жасақталған Қазақстан халықтарының ұлттық салт -  дәстүрлері, сондай-ақ ас мәзірлерінің көрмесін ұйымдастырды.

Мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу сапасын арттыру

20/03/2024

Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында «Мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу сапасын арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға мамандандырылған сотының төрағасы мен судьялары, прокуратура, полиция басқармасы, әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі басшылары мен құрылымдық бөлімше қызметкерлері қатысты.