Шыңғырлау аудандық соты

Мемлекеттік тілді дамыту бойынша дөңгелек үстел өткізілді

26/03/2024

Шыңғырлау аудандық сотында прокуратура органдары мен пробация қызметі өкілдерінің қатысуымен "Мемлекеттік тілді дамыту" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны ашқан судья Н. Ердібеков өткізілетін іс-шараның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік тілді кеңінен енгізу және қолдану, қаралатын істердің саны мен сапасын қазақ тілінде арттыру қажеттігін атап өтті.

Жалақыны өндіруден бас тартылды

19/03/2024

Шыңғырлау аудандық сотымен жалақыны өндіру туралы талап бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы Н. шаруа қожалығының басшысынан 2020 жылдың шілде айымен 2022 жылдың қыркүйек айы арасында жұмыс істегені  үшін 13 500 000 теңге ақша сомасында төленбеген жалақыны өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Талап қоюшы дәлелдеме ретінде сотқа шаруа қожалығы басшысының атынан оның атына екінші деңгейдегі банктермен, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде, меншіктің барлық нысандарында  мүддесін білдіру үшін берілген сенімхатты ұсынды. 

Жасөспірімдермен профилактикалық кездесу

18/03/2024

Кәмелетке толмағандарға психотроптық заттардың, прекурсорлардың және олардың аналогтарының заңсыз таралуын болдырмау мақсатында Шыңғырлау аудандық сотының судьялары Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуге Шыңғырлау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өкілдері де қатысты.

Жеке кәсіпкер алкоголь өнімдерін заңсыз сатып, сақтаған

05/03/2024

Шыңғырлау аудандық соты ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлігі бойынша кәсіпкерлік қызметті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

"Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-тармағының 3-бөлігіне сәйкес алкоголь өнімін тиісті лицензиясыз сақтауға және өткізуге тыйым салынады.

Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің рөлін күшейту

20/02/2024

Шыңғырлау аудандық соты сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің белсенді қолданылуын жақсартуға арналған дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға аудандық сот әкімшісінің басшысы Ж. Каримов, Шыңғырлау аудандық прокуратурасының аға прокуроры А. Кенжебаев,  Шыңғырлау АПБ учаскелік полиция инспекторлары И. Кива және М. Сандыбаев, кеңсе мамандары қатысты.

Басқару құқығынсыз көлікті масаң күйде басқарған

16/01/2024

Шыңғырлау аудандық соты ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша азамат "Н"-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Сотта анықталғандай, жүргізуші, орташа дәрежелі масаң күйінде, көлік құралын басқару құқығынсыз, автокөлікті басқара алмай, жарық тірегіне соғылып, мүлік иесіне материалдық зиян келтірді.

Сотта әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам кінәні толық мойындады.

Сот актілерін орындау

12/09/2023

Шыңғырлау аудандық сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға сот төрағасының м.а. Н.Ердібеков, аудандық сот әкімшісінің басшысы Ж.Каримов және сот мамандары қатысты.

Тыл еңбеккерін Жеңіс күнімен құттықтады.

10/05/2023

Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Шыңғырлау аудандық сотының ұжымы тыл еңбеккері Орынша Досмұқанқызы Рысқалиеваға барып, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегі үшін қарияға алғыстарын білдірді. Тыл еңбеккері сот ұжымына ілтипат білдіргені үшін алғыс айтып, ел тыныштығы мен тұрақтылығын сақтауға шақырды.

            Сондай-ақ 9 мамыр күні сот ұжымы Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған мәңгілік  алау монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерді еске алды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының ерекшеліктері

03/06/2021

Ағымдағы жылдың 31 мамырында "Зорлық зомбылыққа жол жоқ"атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға аудандық "Зорлық зомбылыққа жол жоқ" жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Жұмыс барысында 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына бекітілген жоспарлы іс-шаралардың орындалу барысы талқыланып, атқарылған жұмыстар туралы есептер, жоспарларды орындаумен байланысты проблемалар және өңірдегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты проблемалық мәселелер тыңдалды.

Мемлекеттік мекемелердің құжат айналымындағы қазақ тілінің үлесі тақырыбындағы дөңгелек үстел

31/03/2021

Шыңғырлау аудандық сотында Шыңғырлау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы К.Ислямкуловтың қатысуымен «Мемлекеттік мекемелердің құжат айналымдағы қазақ тілінің үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Беттер