Архив событий

19/03/2024

Орал қалалық сотында дөңгелек үстел

19/03/2024

Орал қалалық сотында сот әкімшісінің басшысы Б.Каженов, мамандардың қатысумен «Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі» және «Төрелік» АЖ қылмыстық істердің есептік карточкаларының дұрыс толтыруы туралы тақырыбтарына дөңгелек үстел өткізілді.

Алимент төлеуден жалтарғандар қамаққа алынды

19/03/2024

 «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Заңында көрсетілгендей, сот актiлерi мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актiлерi мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

         Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасында сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін жауапкершілік көзделген.

«Көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбындағы дөңгелек үстел

19/03/2024

Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында «Көліктегі әкімшілік құқық бұзушылық саласында туындайтын проблемалық мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға мамандандырылған сотының төрағасы мен судьялары, прокуратура, полиция басқармасы, әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі басшылары, нарколог-дәрігерлер қатысты.

Құқық қорғау органы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел

19/03/2024

Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотында, құқық қорғау органы өкілдерінің қатысуымен ҚР ҚПК-тің 55-бабының тәртібімен түскен өтінішхаттарды қарау кезінде туындаған мәселелер талқыланды

         Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы А. Исмайловтың төрағалық етуімен, тергеу сотының судьясы С. Жунисбаев, Орал қаласының прокуроры М.Изимовтың, БҚО прокуратурасының басқарма бастығы Т. Шектибаевтің, БҚО ПД тергеу басқармасының бастығы А.Салыковтың және құқық қорғау органдарының тергеу басқармалары басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу

19/03/2024

Нашақорлық тақырыбы бүгінгі күні ерекше өзекті болып саналады, өйткені оның кеңінен таралуы алдын алудың маңызды шараларын қабылдауды талап етеді.

Есірткі тұтыну жастардың, соның ішінде кәмелетке толмағандардың денсаулығына ең қауіпті  болып қала береді.

Алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Батыргалиева Г.У. М.Мәметова атындағы No27 орта мектебінің және №35 мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесу өткізді.

Бұл шараға 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Жалақыны өндіруден бас тартылды

19/03/2024

Шыңғырлау аудандық сотымен жалақыны өндіру туралы талап бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы Н. шаруа қожалығының басшысынан 2020 жылдың шілде айымен 2022 жылдың қыркүйек айы арасында жұмыс істегені  үшін 13 500 000 теңге ақша сомасында төленбеген жалақыны өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Талап қоюшы дәлелдеме ретінде сотқа шаруа қожалығы басшысының атынан оның атына екінші деңгейдегі банктермен, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде, меншіктің барлық нысандарында  мүддесін білдіру үшін берілген сенімхатты ұсынды.