Сотқа дейінгі хаттама жасалып, іс тоқтатылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2022 жылғы қаңтардан бастап азаматтық істерді қарайтын соттар 2020 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған № 84-VII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік  заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қабылдаған Заңына сәйкес жұмыстануда.

АПК-нің 150-бабында енгізілген талапты сот өндірісіне қабылдау мерзімдері де өзгерді. Талап қоюды қабылдауданбас тартуға  немесе қайтаруды  негіз болмаған жағдайда татуластырушы-судья талап арызды алған күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей тараптарға шақыру жібереді, онда ол тараптарды талап арыздың түскені туралы хабарлайды. Талап қоюды қабылдап, сотта іс қозғағанға дейін сотқа дейінгі хаттаманы дайындап отырып, татуластыру рәсімдеріне қатысуға шақырады.

Тасқала аудандық сотына «МФО Му Мопеу» ЖШС-нің азамат А-ға қарызды өндіріп алу туралы талап қоюы түсті.

Татуластырушы-судья тараптарға шақыру жібере отырып, тараптарға дауды соттың қатысуынсыз, медиаторлардың, адвокаттардың, нотариустардың қатысуымен, сондай-ақ дауды медиация тәртібімен реттеу  туралы келісім жасай отырып, сонымен бірге сотқа дейінгі хаттаманы әзірлей отырып шешу құқығын, татуластырудың артықшылықтары мен салдарын түсіндірді.

Көрсетілген мерзімде тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеуге байланысты азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтамға алу туралы, медиация келісімі мен сотқа дейінгі хаттама қоса тіркеліп, арыз түсті.

Татуластырушы-судья сотқа дейінгі хаттаманы және медиация келісімін зерттеп, ол заңға қайшы келмейді, ешкімнің құқықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайды деген қорытындыға келіп, азаматтық іс бойынша өндірісті  тоқтамға алу туралы ұйғарым шығарды.

 

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі