«Нашақорлық 21 ғасырдың дерті»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Нашақорлықтың  адамға зиян тигізетін, тәуелділікті тудыратын, адам ағзасын бұзатын 21 ғасырдың дерті екені баршаға мәлім.

Нашақорлықтың алдын алу мақсатында Тасқала аудандық сот төрағасы А.Б. Теберикова және судья Т.М.Макишев Қ.Сатпаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде,  «Сәулет» мектеп-лицейінде 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында А.Б.Теберикова және Т.М.Макишев физикалық және психикалық тәуелділікті тудыратын есірткінің адам ағзасына зияны туралы баяндама жасады. Оқушыларға Қазақстанда есірткіні өндіруге, өңдеуге, алуға, сақтауға және сатуға заң бойынша тыйым салынғаның, өткені жастар есірткіге тартылатының  түсіндірді. Оқушылардың есірткі құралдарын заңсыз өндіру, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау және өткізу үшін қылмыстық жауапкершілікке және осы құқық бұзушылықтар үшін қолданылатын жазаларға  назарын аударды.

Кездесуді қорытындылай келе судьялар оқушыларға жарқын болашақ, салауатты өмір салтын және заңға бағынатын ер азаматтары болуларын тіледі.

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі