Полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ішкі істер органы қызметкерінің масаң күйге куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамағаны аяқталған әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. Жүргізушілердің ішкі істер қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату және масаң күйді тексеруге медициналық куәландырудан өту туралы заңды талабын орындау міндеті осы бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық құрамының міндетті белгілері болып табылады.

Осы баптың диспозициясы жалпы сипатта болады және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына 3-қосымшаға «Психоактивті затты қолдану фактісін және мас болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу қағидаларына» сілтеме жасайды.

Бұл ретте Қағидалардың 10-тармағында биологиялық сынамалардың сипаты мен реттілігін зерттелетін адамның клиникалық жағдайының ерекшеліктеріне қарай сараптама жүргізетін медицина қызметкері айқындайтыны белгіленген.

Тасқала аудандық соты  ҚР ӘҚБтК-нің 613 быбының 4 бөлігі  бойынша «Д» азаматқа қатысты  әкімшілік құқық бұзушылық іс қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасына сай, 03 наурыз 2024 жылы сағат 21:29 шамасында «Д» Орал қаласы, Н.Назарбаев пен Ә.Мулдағұлов көшелерінің қиылысында «Тойота Марк» автокөлігін жүргізіп келе жатып, патрульдік полиция қызметкерлерімен тоқтатылды. Құжаттарды тексергеннен кейін азамат «Д» мас күйінің бар-жоғына медициналық куәландырудан өту үшін «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» жанындағы ШЖК МКК-не жеткізіліп, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабынан бас тартты.

Медициналық мекемеде есірткіні пайдаланғаны факті бойынша  тұлға ауруға және физиологиялық қажеттілік болмауына байланысты медициналық куәландыру  өткізу үшін адам әсер еткен нақты затты анықтау үшін экспресс-тест арқылы қосымша зерттеу жүргізу үшін биологиялық ортаны (зәрді) тапсырмаған, бірақ медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жоқ.

Медициналық қорытынды бойынша ережеге сай толық тексеру, биологиялық ортаның болмауына байланысты медициналық куәландырудан өту мүмкіндік болмаған.

Аудандық сот қаулысымен азамат «Д»  құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік  мерзімге әкімшілік қамаққа алу мен 8 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі  әкімшілік жазаға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі