Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қаратөбе аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы Ә.Қарекенов «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты кездесу өткізіп келді.

Кездесу Қ.Жұмалиев атындағы мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушылары арасында, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі, Қаратөбе аудандық  полиция бөлімінің өкілі, аудандық аурухананың «Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің» медбикесі және мектеп психологоның қатысуымен оздырылды.

Кездесу барысында сот төрағасының міндетін атқарушы Ә.Қарекенов:

«Нашақорлық-қазіргі қоғамның ең өзекті проблемаларының бірі болып отырғанын, бүгінгі таңда есірткіні ғаламтордан немесе түнгі клубтардан оңайшылықпен сатып алуға болатынын айтып өтті. Әдетте, алғашқы кезде сатушы есірткіні тегін ұсынып, ал тәуелділік пайда болған соң, көп ақша талап ете бастайды. Соның кесірінен нашақорлар жаңа дозаға қол жеткізу үшін ұрлық немесе тонау сияқты қылмыстық әрекеттерге баруға мәжбүр болады,- деп баяндай келе, өсіп келе жатқан жеткіншектерімізді бұл әдеттен аулақ болуыларын, есірткі тәуелділігіне шырмалмауға, жарқын, есірткісіз болашаққа ұмтылуға шақырды.

Кездесуге қатысушы өзге сала өкілдері де  нашақорлық дерті, онымен күресу, оның алдын алу жөніндегі ой-пірілерімен  бөлісіп,  зиянды әдеттерге әуес болмау туралы түсініктерін  айтып берді.

Өз кезегінде Қ.Жұмалиев атындағы мектеп-гимназиясы педагогтары кездесуге арнап дайындалған  «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты  бейне-роликтерін назарға ұсынды.

Кездесу соңында оқушылармен  нашақорлық кесірінен орын алатын қылмыс және оған сотпен тағайындалатын жаза  түрлері, жалпы сот жүйесі туралы сұрақтар қойылып, сот төрағасы м.а Ә.Қарекеновпен тұшымды жауаптар берілді.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі