Қаратөбе аудандық соты 2021 жылдың 12 айының жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қаратөбе  аудандық сотының төрағасы Шукиров М.Ө. «Қаратөбе өңірі» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Е.Райсовтың қатысуымен, соттың 2021 жылдың 12 айының жұмысын қорытындылау мақсатында баспасөз мәжілісін өткізді.

Баспасөз  мәжілісінде сот төрағасы Мереке Шукиров   қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді  қараудағы  сот төрелігін жүзеге асыру деректеріне  және заңдылықтың сақталу  жағдайына  тоқталып өтті.

Жұртшылық арасындағы кәсіпқой емес медиаторлар мен билердің роліне тоқталып, олардың қызметі қоғамда қақтығыстардың төмендеуіне ықпал етіп, қоғамдық келісім мен бүкілұлттық бірліктің нығаюына оң әсерін тигізетінін айтты.

Сонымен қатар, төраға құқық қолдану тәжірибесіндегі соңғы жаңашылдықтарға тоқталып, азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру бойынша Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгерістер жайында да айтып өтті.

Баспасөз мәжілісінің соңында төраға Мереке Шукиров тілшінің тарапынан сот әділдігін жүзеге асыру бойынша туындаған өзге де сұрақтарына жауап беріп, бұл шараның сот ісін жүргізуді әрі қарай жетілдіру, ашықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ, азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру бағытында жүргізілетінін атап өтті.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі