Қаратөбе аудандық сотында азаматтық іс сот медиациясын қолданумен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қаратөбе аудандық сотында материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс сот медиациясын қолданумен қаралды.

Талап қоюшы жауапкерден иті талап өлтірген бір бас қойдың құны 35 000 (отыз бес)  мың теңге шығынды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сотта тараптар дауды сот медиациясы тәртібінде шешуге ниет білдіріп, сот медиациясы тәртібімен келісімге келді.

Келісімнің талаптарына сай жауапкер  келтірілген материалдық шығынды 2021 жылдың 01 маусымына дейін  өтеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымымен  медиативтік келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.   

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі