Қаратөбе аудандық соты

Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында кездесу

05/03/2024

Қаратөбе аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы Ә.Қарекенов «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты кездесу өткізіп келді.

Кездесу Қ.Жұмалиев атындағы мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушылары арасында, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі, Қаратөбе аудандық  полиция бөлімінің өкілі, аудандық аурухананың «Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің» медбикесі және мектеп психологоның қатысуымен оздырылды.

Кездесу барысында сот төрағасының міндетін атқарушы Ә.Қарекенов:

Қаратөбе аудандық соты 2021 жылдың 12 айының жұмысын қорытындылады

28/01/2022

Қаратөбе  аудандық сотының төрағасы Шукиров М.Ө. «Қаратөбе өңірі» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Е.Райсовтың қатысуымен, соттың 2021 жылдың 12 айының жұмысын қорытындылау мақсатында баспасөз мәжілісін өткізді.

Баспасөз  мәжілісінде сот төрағасы Мереке Шукиров   қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді  қараудағы  сот төрелігін жүзеге асыру деректеріне  және заңдылықтың сақталу  жағдайына  тоқталып өтті.

Қаратөбе аудандық сотында азаматтық іс сот медиациясын қолданумен қаралды

02/03/2021

Қаратөбе аудандық сотында материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс сот медиациясын қолданумен қаралды.

Талап қоюшы жауапкерден иті талап өлтірген бір бас қойдың құны 35 000 (отыз бес)  мың теңге шығынды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сотта тараптар дауды сот медиациясы тәртібінде шешуге ниет білдіріп, сот медиациясы тәртібімен келісімге келді.

Келісімнің талаптарына сай жауапкер  келтірілген материалдық шығынды 2021 жылдың 01 маусымына дейін  өтеуге міндеттенді.

Лауазымды тұлға әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша дәлелдемелерді бұрмалаулары үшін жазаға тартылды

22/02/2021

Қаратөбе аудандық сотымен  ҚР ҚК-нің 416 бабы 2 бөлігімен  ауылдық округтің К., есімді участкелік инспекторына қатысты  қылмыстық ісі қаралды.

Қылмыстық іс  құжаттарына сәйкес, участкелік инспектор әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға бола тұра, әкімшілік құқық бұзушылық  істермен 4 эпизод бойынша дәлелдемелерді бұрмалаған.

Атап айтқанда участкелік полиция инспекторы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды құқық бұзушылық жасамаған тұлғаларға қатысты жалған рәсімдеген.

Қаратөбе аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жаңа форматтағы сот қаулыларын әзірлеу және оларды түсіндірудің әдістемелік ұсынымдары жинағы» талқыланды

03/02/2021

Қаратөбе аудандық сотының төрағасы М.Шукировтің төрағалық етуімен бейнеконференц байланысы арқылы Қаратөбе аудандық сотының судьясы М.Миралиевтің, Қаратөбе ауданы прокуратурасының прокуроры Е.Б.Нұрмағанбетовтың, Қаратөбе аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы А.Тажкеновтың, Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы А.Сериковтың және участкелік полиция инспекторларының қатысуларымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жаңа форматтағы сот қаулыларын әзірлеу және оларды түсіндірудің әдістемелік ұсынымдары» жинағын талқылау тақырыбында мо

Қаратөбе аудандық сотында азаматтық іс сот медиациясын қолданумен тоқтатылды

12/06/2020

Қаратөбе аудандық сотында материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс сот медиациясын қолданумен тоқтатылды.

Талап қоюшы жауапкерге жол-көліктік оқиғасы нәтижесінде келтірілген материалдық  шығынды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Қаратөбе аудандық сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері бойынша семинар өтті

10/06/2020

Қаратөбе аудандық сотының  төрағасы М.Шукировтің төрағалық етуімен бейнеконференц байланысы арқылы аудандық сот қызметкерлерінің, Қаратөбе ауданы прокурорының м.а. Е.Нұрмағанбетовтың, полиция бөлімі бастығының м.а А.Елбаевтың, полиция бөлімі қызметкерлерінің, БҚО мамандандырылған Күзет басқармасының 2 ПБ взвод командирінің м.а.

Қаратөбе аудандық сотының бастамасымен онлайн кездесу өткізілді

03/06/2020

Қаратөбе аудандық сотының  төрағасы М.Шукировтің төрағалық етуімен мобилдік бейнеконференц байланысы арқылы Қаратөбе аудан әкім аппаратының өкілі, аудандық кәсіподақ төрағасы, кәсіби емес медиатор, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің өкілдері,  адвокат, жеке нотариус және жеке сот орындаушыларының  қатысуларымен онлайн кездесу отырысы өткізілді.

Беттер