Кәсіби емес медиаторлармен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Облыстық сотының судьялары Н.Ділдабеков пен Ә.Ахметов Теректі ауданының №2-ші сотында болып, Ақжайық ауылының кәсіби емес медиаторлары В.Жиренова, Ш.Максутов және А.Бакишевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ә.М.Ахметов өз сөзінде: «Медиация – әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы түрі. Ол даудың немесе сотта қаралатын іске қатысушылардың белгілі-бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен қатар, тараптардың дауды реттеуі мен оны шешуінің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады. Медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласу деңгейін төмендететін өзара тиімді бейбіт келісімге қол жеткізу – деп, атап өтті.

Судьялар қылмыстық істер мен азаматтық құқық қатынастарынан туындайтын дауларда медиацияны қолдануға қатысты кәсіби емес медиаторлардың сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара соңында барлық істерді қараған кезде туласу рәсімдерін қолдану бойынша жұмысты күшейту қажеттілігі туралы белгіленді. 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі