Ерлі-зайыптылар отбасын сақтау туралы келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО Теректі ауданының №2 аудандық соты  некені бұзу туралы азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен бекітті.

Сотта анықталғандай, тараптар 2004 жылдан бастап заңды некеде тұрып кәмелеттік жасқа  толмаған баланы тәрбиелеуде. Ағымдағы жылдың  болған отбасындағы жанжалдың салдарынан  талапкер некені бұзуға өтініш беріп, одан әрі бірлесіп өмір сүру және отбасын сақтау мүмкін емес деп санайды.

Сот отырысында, тараптарға медиация тәртібімен татуласу мүмкіндігі түсіндіріліп, ерлі-зайыптылар Ақжайық ауылдық округі тізімінде тұрған кәсіпқой емес медиатор қызметіне жүгінді.

Медиатор рәсімнің нәтижесінде, ерлі-зайыптылар татуласып, отбасын сақтап қалуға шешім қабылдады.

ҚР АПК-нің 277 бабы 6 тармағына сәйкес, сот тараптар арасындағы дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

Сот, ҚР АПК-нің зерделеп келісім нормаларын басшылыққа ала отырып, тараптардың татуласуына байланысты азаматтық істі медиация тәртібімен тоқтату туралы ұйғарым шығарды. 

Ұйғарым заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі