Карантин режимін сақтамағаны үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі ауданының №2 аудандық сотымен Ақжайық ауылының тұрғынына қатысты ӘҚБтК-нің 476 бабының 2 тармағына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық істі қарады. (төтенше жағдай режимін бұзу)

Сотпен анықталғаны, құқықбұзушы 2020 жылы 26 наурыз күні Ақмола облысынан өз үйіне келген. Келесі күні аудандық аурухана қызметкерлері  COVID-19 ауруына жоғары жұқтыру аймағы болған жерден келген тұлға ретінде оның мекен жайы бойынша барып, карантиннің тәртібі мен ережелерін сақтауды түсіндірген. Алайда, құқықбұзушы бұл талаптарды сақтамай 2020 жылы 29 наурыз күні өзінің тұрғын жайын тастап, басқа ауданға кетіп қалған.

Оның әрекетін сот ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабының 2 тармағымен төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды орындамау, яғни кейбір жеке тұлғалар көрсетілген уақытта тұрғылықты мекен-жайынан кетпеу белгілерімен  деп дәрежеледі.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалу жағдайын, істің негізгі мән-жайларын ескеріп, сот оны кінәлі деп таныды және он бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі