Теректі ауданының №2 аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық №2 сотымен  «қылмыстық істер бойынша процестік шығындар өндіру тәжірибесі» тақырыптарына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге  Ақжайық полиция бөлімінің және Теректі ауданының прокуратурасының қызметкерлері қатысты.

Судья Е.Г.Усманов көрсетілген тақырыпта баяндама жасап, онда дөңгелек үстелге қатынасушыларға процестік шығындардың өндірілуге жататын сомасын анықтаудағы қалыптасқан тәжірибе жөнінде айтты. Сонымен бірге, процестік шығындар өндіру үшін негіз болатын материалдар, қылмыстық процес жүргізугі органның мөрі мен іс жүргізушінің қолымен бекітілмей  сотқа толық көлемде  жолданбайтыны атап өтілді. Атап айтқанда материалдарда сараптама тағайындау туралы қаулы, сараптама зерттеу қортындысы, сотқа дейінгі тергеуді қысқарту туралы қаулы және т.б. болмай жатады.

Судья бұл шараға қатынасушылардың назарын материалдардың «Қылмыстық істер бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы» Жоғарғы Соттың Нормативтік қаулысының 3 тармағының талаптарына сай болуы қажеттігіне аударды.

Сонымен қатар қатынасушылардың сұрақтарына қатысты, атап айтқанда прокурордың ұсынысымен сотқа жіберілуге жататын құжаттардың тізімі, сондай-ақ қысқартылған істер бойынша олардың ұсыну мерзімдері жөнінде   жауап берілді.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі