Казталов аудандық сотының төрағасы мектеп оқушыларымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов аудандық сотының төрағасы Умсын Мухангалиева Казталов-мектеп лицейінің және А.Оразбаева атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, «Зиянды заттардан аулақ бол!» тақырыбында әңгіме өткізді.Шара барысында сот төрағасы өз сөзінде, нашақорлықпен байланысты мәселелер Казталов ауданында айналып өтпегенін атап өтті.  Нашақорлықтың белсенді тарауы және өсуі, оған байланысты қылмыстардың алдын-алу жұмыстарының маңызы зор екенін айтып өтті.

Содан соң, есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы  заңнамасына тоқтап, сот практикасынан мысалдар келтіріп, жастар арасында есірткіге әуестік кеңінен тарап жатқандығын және оның салдары жөнінде айтты.

Мысалы, 2024 жылы  Казталов  аудандық сотымен  «К» есімді азаматқа қатысты есіртікі затын сақтап пайдаланғаны  үшін қылмыстық  іс  қаралды, оған 80 сағат  қоғамдық  жұмысқа  тарту  жазасы тағайындалды. 

Спикер  қатысушыларға азамат «К» «есірткінің  дәмін татып, оның   шырмауынан  шыға алмадым, достарым берген  бәлеге  тамсана үйір болдым»  деп жауап берді, сондықтан  осындай ортадан  аулақ  жүру керектіні  айтып  жеткізді.

Кездесу барысында дөңгелек үстелге қатысушылары нашақорлықты қолданудың себептері мен нашақорлықты емдеу әдістерін талқылады. Оқушылар өз көзқарастарын білдіріп, нашақорлық мәселесіне төзбеушілік танытты және салауатты өмір салтын ұстану қажеттігін түсініп, сондай-ақ есірткімен басқарғысы келмейтіндерін мойындап, кез келген заттардың көмегінсіз қарапайым нәрселерге қуануға болатынын атап өтті.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі