Сотта семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық сотында сот мамандарының және күзет қызметкерлерінің қатысуымен «Жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу» - тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Аудандық сот әкімшісінің басшысы Руслан Каженов  өз баяндамасында, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары мен мақсаты және міндеттерін, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» негізгі нормаларын түсіндіріп, әрбір мемлекеттік қызметкердің Республиканың заңдарын басшылыққа алып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұра білуі тиіс екенін атап өтті.

Семинар барысында қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлық алды алу  бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шара соңында қызметкерлерге келеңсіздіктерге жол бермеуді және бөгде адамдармен процессуалдық емес қатынастарға бармау туралы қатаң ескертілді.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі