Казталов аудандық соты

Аудандық соттағы сенбілік

30/04/2024

Өткен сенбіде Казталов аудандық сотында сенбілік ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға кеңсе қызметкерлері белсенді қатысып, ғимарат аумағын тазартып, көшеттер отырғызылып, минералды тыңайтқыштар беріліп, талдарды әктеп, гүлзарларды дайындады.

Сонымен бірге, сот қызметкерлері кабинеттер мен сот залдарын, дәліздерді тазалады.  

 

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңашылдықтары талқыланды

30/04/2024

Казталов аудандық сотымен «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 15 сәуірдегі  алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін  Қазақстан Республикасының Заңын талқылау бойынша кездесу өткізілді.                                                                                                                       

Сотта семинар сабағы өткізілді

10/04/2024

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық сотында сот мамандарының және күзет қызметкерлерінің қатысуымен «Жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу» - тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Кездесу өткізілді

05/04/2024

Казталов  аудандық сотында судья лауазымына біліктілік емтихан тапсыру туралы ақпараттық-түсіндіру және үгіт-насихат  бойынша кездесу өткізілді.

Кездесуге аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімінің басшысы,  аудан әкімі аппаратының, жер қатынастар бөлімінің өкілдері қатысты.

Казталов аудандық сотының төрағасы мектеп оқушыларымен кездесті

20/03/2024

Казталов аудандық сотының төрағасы Умсын Мухангалиева Казталов-мектеп лицейінің және А.Оразбаева атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, «Зиянды заттардан аулақ бол!» тақырыбында әңгіме өткізді.Шара барысында сот төрағасы өз сөзінде, нашақорлықпен байланысты мәселелер Казталов ауданында айналып өтпегенін атап өтті.  Нашақорлықтың белсенді тарауы және өсуі, оған байланысты қылмыстардың алдын-алу жұмыстарының маңызы зор екенін айтып өтті.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл

16/02/2024

Казталов  аудандық сот әкімшісінің басшысы Руслан Каженов «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу профилактикасы» тақырыбында «Ашық әкімдік» бөлмесінде мемлекеттік органдарының өкілдерінің қатысуларымен дөңгелек үстел өткізді.

Көрінеу жалған тіркеу белгісімен көлік басқарғаны үшін қамаққа алынды.

24/01/2024

ҚР ЖЖЕ-нің 2.12.5 тармақшасы мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері болмаған немесе олар тіркеу құжаттарына сәйкес келмеген жағдайларда көлік құралын басқаруға тыйым салады.   

Казталов аудандық сотымен көрiнеу жалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi бар көлiк құралын басқарып, жол полициясы қызметкерлеріне ұсталған Жәнібек ауданының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпақтал полиция қызметкерлерімен өткен дөңгелек үстел

23/11/2023

Казталов аудандық сотының төрағасымен Жалпақтал ПБ-нің ғимаратында полиция учаскелік инспекторларының қатысуларымен әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты хаттамаларды дұрыс толтыру, әкімшілік істі уақытылы сотқа жіберу туралы тақырыпта дөңгелек үстел оздырылды.                                                                                                  

Көрінеу жалған тіркеу белгісімен көлік басқарғаны үшін қамаққа алынды

15/11/2023

ҚР ЖЖЕ-нің 2.12.5 тармақшасы мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері болмаған немесе олар тіркеу құжаттарына сәйкес келмеген жағдайларда көлік құралын басқаруға тыйым салады.   

Казталов аудандық сотымен көрiнеу жалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi бар көлiк құралын басқарып, жол полициясы қызметкерлеріне ұсталған Казталов ауданының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы 31 қазан 2023 жылы сағат 11:00 шамасында  Казталов ауылында  көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін тағып, «Лада 210540» маркалы көлік құралын басқарған.

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл салынды

10/11/2023

Қоғамдық орындарда адамның қадір - қасиетіне нұқсан келтіретіндей түрде алкогольдік ішімдіктерді масаң күйде жүргені үшін әкімшілік жаза қарастырылған.

Казталов аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабының 3 бөлігімен құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Беттер