Аудандық соттың төрағасына алғыс хат табысталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақжайық аудандық №2 сотының ұжымы жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында, көмекке мұқтаж балаларға қайырымдылық көмегін көрсетіп келеді. 

1 қыркүйек Білім күні жаңа оқу жылының салтанатты ашылуында Құрман Байсықов атындағы мектеп директоры сот төрағасы Т.С.Ғұмароваға «Мектепке жол» атты қайырымдылық қорына белсенді қатынасқаны үшін алғыс хатты табыс етті.

Мерекелік шарада  сот төрайымы қайырымдылық шарасының маңыздылығын атап өтіп, мектептің барлық ұстаздарын және оқушыларын жаңа оқу жылымен құтықтап, оқуларына сәттілік, еңбектеріне жеміс тіледі.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі